Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бюджеттік қаражаттың жұмсалуына онлайн-мониторинг жалғасуда

Қызылорда облысында бюджеттік қаражаттың жұмсалуына онлайн-мониторинг жалғасуда

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының тиімді, ашық және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты онлайн-мониторингті жалғастыруда. Бұл жұмыс қаржылық тәртіпті күшейту, тәуекелдерді дер кезінде анықтау және бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.
2026 жылдың 4 айында Департамент тарапынан жалпы сомасы 204,5 млн теңгеден асатын 652 тәуекелді төлемдер бойынша 92 хабарлама білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына жолданды.
Нәтижесінде, есепті кезеңде негізсіз төлемдердің жалпы көлемі 20,4 млн теңгені құрады. Аталған сома Қызылорда қаласы, Арал,Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандары бойынша анықталып, мемлекеттік бюджетке және ұйымдардың шоттарына қайтарылуда.
Атқарылған жұмыс нәтижелері Департаменттің бюджет тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге, тәуекелді операцияларды дер кезінде анықтауға және қаржылық заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған жүйелі жұмысының жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бұл мемлекеттік қаражаттың негізді және мақсатты пайдаланылуына ықпал етеді.
02 маусым 2026 ж. 44 0