Қазақстанда +40 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 6–8 маусым аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.Синоптиктердің мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейіп, кей жерлерде дауылды жел мен бұршақ күтіледі.
Қатты жаңбыр:
6–8 маусым күндері еліміздің батысында;
6 маусымда солтүстік өңірлердің шеткі аумақтарында және оңтүстік-шығысында;
8 маусымда солтүстік-батысында жауады.
«Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы батыста аздап төмендеп, +20...+30 градусқа дейін болады. Солтүстікте +28...+35 градусқа дейін жоғарылайды, орталықта +30...+38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Оңтүстікте ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30...+39 градусқа дейін көтеріледі. Ал шығыста негізгі температуралық фон +30...+37 градус аралығындағы қатты ыстық болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» мамандары.
Фото: istockphoto.com










