10 млн теңгеге дейін төлем мен баспана: Қазақстанда дәрігерлерге ең көп қолдау қай өңірлерде көрсетіледі?
Статистика бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді.
Қазақстанда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы сақталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің BAQ.KZ редакциясына берген ресми мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде дәрігерлер тапшылығы 3 869,5 штаттық бірлікті құраған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмен (3 986 штаттық бірлік).
Орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 4 195 штаттық бірлікті құрап, бір жыл ішінде 1%-ға азайған. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығы 14%-ға төмендеген.
Қай өңірлерде дәрігер жетіспейді?
Кадр тапшылығы ең көп байқалатын өңірлердің қатарында Астана көш бастап тұр. Елордада 801,25 штаттық дәрігерлік орын бос тұр.
Одан кейін Алматы қаласы (439,75), Маңғыстау облысы (270,5), Ақмола облысы (259), Солтүстік Қазақстан облысы (248,25), Түркістан облысы (233,25), Жетісу облысы (215,25), Батыс Қазақстан облысы (177,25), Ұлытау облысы (164,75) және Шымкент қаласы (154,25) орналасқан.
Үш жылда өңірлерге 6205 жас маман барған
Министрлік мәліметінше, 2023-2025 жылдары өңірлерге барлығы 6 205 жас дәрігер мен медицина қызметкері жұмысқа барған. Олардың ішінде 2023 жылы – 1 773 адам, 2024 жылы – 2 161 адам, 2025 жылы – 2 271 адам еңбек жолын бастаған.
Жас мамандардың басым бөлігі қалаларға орналасқан. Үш жылда 4 973 түлек немесе 80,1% қалалық медициналық ұйымдарға жұмысқа тұрған. Ал ауылдық жерлерге 1 232 маман барған. Бұл барлық жұмысқа орналасқан түлектердің 19,8%-ы.
Ауылға барған дәрігерлерге қандай қолдау көрсетіледі?
Ауылдық жерлерге келген 1 232 жас маманның 571-і әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Олардың ішінде 154 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, 417 маман көтерме төлем алған. Қолдау «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көрсетілген.
Жас мамандарды ауылға тарту мақсатында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредит көлемі ұлғайтылған. Аудан орталықтарына келген мамандар үшін несие көлемі 2 500 АЕК-ке дейін, ал өзге ауылдарға барғандар үшін 2 000 АЕК-ке дейін жетеді.
Сонымен қатар дәрігерлерге 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. 2026 жылы бұл сома 432 500 теңге.
Кей өңірлерде дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін беріледі
Министрліктің мәліметінше, әкімдіктер тарапынан да қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында қызметтік немесе жалдамалы тұрғын үй беру, сондай-ақ 1,5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін біржолғы көтерме төлем төлеу бар.
Бұл қолдау ауылдық медицина ұйымдарымен қатар қалалық емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасқан мамандарға да көрсетіледі.
Ауылға барған тапшы мамандарға 8,5 млн теңге төленеді
Кадр тапшылығын азайту үшін заңнамалық деңгейде жаңа ынталандыру тетіктері енгізілген. 2024 жылы қабылданған заңға сәйкес, кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген аса тапшы мамандық иелеріне 100 ең төменгі жалақы көлемінде біржолғы төлем беріледі. Қазіргі есеппен бұл шамамен 8,5 млн теңге.
Дәрігерлерге арналған жаңа жеңілдіктер
Жаңа заң аясында медицина қызметкерлеріне бірқатар қосымша кепілдіктер берілген. Олардың қатарында жыл сайын «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын беру және 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлем төлеу қарастырылған.
Сондай-ақ «Үздік маман» республикалық байқауының жеңімпаздарына 500 АЕК көлемінде ынталандыру төлемі беріледі. Жергілікті атқарушы органдар медицина қызметкерлерінің балаларына балабақшадан орын беруде басымдық ұсынуға міндеттелген.
Дәрігерлердің құқықтық қорғалуы күшейтілді
Министрлік медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру үшін құқықтық қорғау шаралары да күшейтілгенін хабарлады. Олардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қызмет барысында қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грант беру нормасы да енгізілген.
Жас дәрігерлерге тәлімгер бекітіледі
Министрлік жас мамандарды жұмыста ұстап қалу үшін тәлімгерлік және бейімдеу жүйесін іске қосқан. Бағдарлама еңбек өтілі үш жылға дейінгі медицина қызметкерлеріне арналған. Жас дәрігерлерге тәжірибелі мамандар бекітіліп, кәсіби бейімделу кезеңінде қолдау көрсетіледі.
Былтыр 1760 дәрігер әлеуметтік қолдау алған
Өңірлер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын 1 760 дәрігер пайдаланған. Олардың 546-сы қалаларда, 209-ы моноқалаларда, ал 1 005-і ауылдық жерлерде жұмыс істеген. Әлеуметтік қолдау алған 727 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Қазақстанға келген дәрігерлер саны кеткендерден көп
Кадр тапшылығы мәселесіне қарамастан, медициналық мамандардың көші-қоны бойынша оң көрсеткіш байқалады. 2025 жылы Қазақстаннан медициналық білімі бар 186 адам көшіп кеткен.
Ал елге медициналық білімі бар 403 адам келген.
Грантпен оқыған дәрігерлер үш жыл жұмыс істеуге міндетті
Министрлік мемлекеттік грант негізінде медициналық мамандық бойынша білім алған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеуге міндетті екенін еске салды.
Бұл талап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған түлектерге қатысты қолданылады.
Еске салайық, бұған дейін Президент биыл дәрігерлердің жалақысын өсіруге 33 миллиард теңге бөлінгенін айтты.