Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам папиллома вирусы жұғу, таралу және алдын алу шаралары

Адам папиллома вирусы жұғу, таралу және алдын алу шаралары

Адам папиллома вирусы - кондиллома (сүйел өсінділері) түзілуімен сипатталатын, теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.
 АПВ-ның 200-ге жуық түрі белгілі, олардың  14-і онкогенді және қатерлі ісік тудыруы мүмкін,  ең қауіпті түрлері - 6,11,16 және 18-типтегі вирустар.
Түріне байланысты вирус ауыз қуысының, көмейдің, қол мен табанның, жыныс мүшелерінің  терісіне әсер етеді.
  Бала кезінен бастап көптеген адамдар қолдарындағы дөрекі сүйелдерді жақсы біледі, оларды әдетте  адам папиллома вирусы қоздырады. Бұл вирустың ерекшелігі - ол қарапайым теріге тиген кезде де жұғады. Ересектер мен балалар оны жиі жұқтырады, бірақ бұл қорқынышты емес және ол із қалдырмайды.
  Бірақ АПВ вирусының  қатерлі ісік шақыратын түрлері қауіпті, әсіресе вирус әйелдің денесінде  ұзақ уақыт болған кезде жатыр мойны  обырының  даму  қаупі артады. Вирус тез таралуға қабілетті, нәтижесінде папилломалар пайда болады(сүйел өсінділері), жасушалардың қатерліге айналуын және қатерлі ісіктің, мысалы жатыр мойны обырының дамуын қоздырады.
 1965 жылы адам папиллома вирусы зертханалық жолмен анықталды, 1990 жылдан бастап вакцина жасау мақсатында жұмыстар жүргізіліп,  2006 жылы вакцина ойлап табылды, адам папиллома вирусына қарсы вакцина  адам папиллома вирусының қатерлі ісік шақыратын түрлерінен  қорғайтын алғашқы вакциналардың бірі , қатерлі ісіктен сақтанудың , алдын алудың ең тиімді жолы АПВ вакцинасын ектіру.
  Бұл аурудың емі жоқ. Ғылыми түрде дәлелденген жалғыз жолы- вакцина салғызу.  АПВ-ға қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.  
Орталық Азия мемлекеттерінің арасында  Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мемлекеттерінде АПВ-ға қарсы вакцинация жүзеге асырылуда, Өзбекстан мемлекеті адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны   Ұлттық егу  күнтізбесіне енгізіп, мақсатты топтағы балаларды  95 пайыз қамтып отыр,
 9-13 жас аралығындағы барлық қыз балалар егілген.   
Қазақстан Республикасы  Денсаулық  сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17 қыркүйек 2024 жылғы №11 "Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы" қаулысы шығарылып, 2024 жылдың 17 қыркүйектен   бастап республика бойынша 11,12,13 жастағы қыз балаларды адам папилломасы вирусына қарсы егу шаралары  басталды.  2026 жылдың осы мерзімінде  аудан бойынша 177 қыз егілді.
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.05.2026 жылы № 7-ПГСВ «Қазақстан Республикасында 14-17 жастағы ( қоса алғанда) қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы қосымша вакцинацияны жүргізу туралы» қаулысы шығарылып, 14-17 жас аралығындағы қыздарды адам папиломасына қарсы егу жүргізілуде, осы мерзімде  аудан бойынша  16 жас- 4 қыз бала егілді, 17 жас -1 қыз бала егілді.        
Егу шарасына АПВ 6,11,16,18 - 4 типінен қорғайтын 4 валентті вакцина қолданылады. Егу шарасына шприц-доза формасындағы Америка құрама штаттарында шығарылған "Гардасил" вакцинасы қолданылады. Вакцина иыққа дельта  бұлшық етке салынады  
АПВ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкеп соғуы еш мүмкін емес, ол әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. АПВ-ға қарсы вакциналар иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.
 Адам папиллома вирусы ауруынан сақтаныңыз, 11-17 жасар қыздарыңызды осы аурудан екпе жасату арқылы қорғауға кеңес береміз.
А.Сатекеева,
Арал аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы басшысы

Сурет:  aikyn.kz    
19 маусым 2026 ж. 63 0