Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жұмыстары өтпек

Тамыз айында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жұмыстары өтпек

Kyzylorda-news.kz 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.
Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
07 шілде 2026 ж. 40 0