Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігіЕліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр.
Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады.Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;• профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны);• баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны);• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.Қабылдау мерзімі өңірлер бойынша:27 мамыр – 31 тамыз:Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.10 маусым – 31 тамыз:Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.18 маусым – 31 тамыз:Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.29 маусым – 31 тамыз:Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.Естеріңізге сала кетейік, құжат қабылдау өңірлерде әртүрлі күндері басталғанымен, барлық өңірде 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
– Құжаттарды алдын ала тапсырып, қабылдау мерзімін өткізіп алмаңыздар, – делінген хабарламада.
syrboyi.kz










