Ел ертеңі үшін дауыс беру – азаматтық парызымыз
Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні – ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір отандасымыз дауыс беріп, мемлекеттің жаңа бағытын айқындауға атсалысатыны мәлім. Ел дамуының жаңа кезеңі қарсаңындағы дәл сол күн – халық жаңа таңдау жасайтын тарихи күн.Сондай-ақ ол Құрылтайда қандай мәселе қаралса да, оның түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділеттілікті нығайтуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс екенін түсінгеніміз абзал.
Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – жаңа Конституцияның шеңберінде құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамы айқындалады. Құрылтай ел үшін маңызды мәселелер еркін талқыланатын, салмақты шешімдерге негіз қалайтын, мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді бағытын айқындауға үлес қосатын беделді саяси әрі зияткерлік алаңға айналуы тиіс. Құрылтайда бірауыздан дауыс беру – азаматтық парызымыз.










