Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 шілдеде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

26 шілдеде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz 26 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген аймақтарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, екпінді жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Сонымен қатар аптап ыстық сақталып, бірқатар өңірде өрт қаупінің деңгейі өте жоғары болады. 
Қызылорда облысында күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы +40…+42°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз +40…+41°С ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: pixabay
26 шілде 2026 ж. 53 0