Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ортақ мақсатқа бастайтын маңызды қадам

Ортақ мақсатқа бастайтын маңызды қадам

Елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азаматтың таңдауы ерекше мәнге ие. Сондықтан алдағы депутаттар сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарау қажет деп ойлаймын. Халықтың сеніміне ие болып, ел мүддесін қорғай алатын, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық көтеретін азаматтардың сайлануы – ортақ мақсатқа бастайтын маңызды қадам. Депутат тек заң қабылдауға қатысатын тұлға ғана емес, ол – халықтың аманатын арқалап, елдің үнін жеткізетін өкіл. Сол себепті әрбір сайлаушы үміткердің біліміне, тәжірибесіне, елге сіңірген еңбегіне назар аударуы тиіс.
Белсенділік танытып, өз таңдауымызды жасау арқылы біз мемлекетіміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына өз үлесімізді қосамыз. Сондықтан бұл саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды таныту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
30 шілде 2026 ж. 54 0