«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қабылдау өтті
2026 жылғы 29 шілде күні Қызылорда қаласында «Заң және әділет: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық құқықтық кеңес» тақырыбында ауқымды қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.Іс-шара Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен тұрғындар көп шоғырланатын екі нысанда өткізілді. Атап айтқанда, сағат 09:00-де Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №6 қалалық емхананың бірінші қабатында, ал 12:00-де Қызылорда қаласының Мансап орталығының екінші қабатында тұрғындар мен жастарға құқықтық кеңестер берілді.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін нығайту және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейту.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін нығайту және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейту.Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік, құқықтық және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша сала мамандарына тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар мен жан-жақты түсіндірмелер алды. Сонымен қатар азаматтардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға арнайы қатысқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева тәжірибелі заңгер ретінде тұрғындардың құқықтық сауалдарына жауап беріп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында жастар арасында заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мұндай түсіндіру жұмыстары қоғамдағы тұрақтылықты, әділдікті және қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды тетігі екені ерекше атап өтілді.
Осындай ашық форматтағы қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділетті қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.
#ЗаңменТәртіп
#ЗаңҮстемдігі
#ЗаңБәрінеОртақ
#АдалАзамат
#Жауапкершілік









