Ел болашағына бейжай қарамайтын күн
23 тамыз күні елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің дамуына өз үлесін қосатын маңызды саяси оқиға. Сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, Отан алдындағы азаматтық жауапкершілік.Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан әрбір дауыс маңызды. Біздің таңдауымыз – болашаққа деген көзқарасымыздың, ел тағдырына деген жанашырлығымыздың көрінісі.
Құрылтай сайлауы – халықтың пікірін білдіруге, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге атсалысуға берілген мүмкіндік. Белсенді азаматтық ұстаным танытқан ел ғана берік әрі өркендеген мемлекет құра алады.
Баршаңызды 23 тамыз күні сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз. Уақыт бөліп, дауыс беру арқылы сіз еліміздің бүгіні мен ертеңіне ықпал етесіз.
Ел тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда. Болашағымызға бейжай қарамайық! 23 тамыз күні сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігімізді көрсетейік!










