Қазақстандықтарға банк картасына қатысты жаңа алаяқтық тәсілі туралы ескерту жасалды
Полицияның мәліметінше, дропперлер – сыйақы үшін өздерінің банк карталарын, есепшоттарын немесе мобильді банкингке қолжетімділікті қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдалануға беретін адамдар.Қазақстан полициясы азаматтарды дропперлік деп аталатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Полицияның мәліметінше, дропперлер – сыйақы үшін өздерінің банк карталарын, есепшоттарын немесе мобильді банкингке қолжетімділікті қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдалануға беретін адамдар.
Алаяқтар мұндай әрекетті «оңай табыс табу» ретінде ұсынып, азаматтарды заңсыз қаржылық операцияларға тартады. Алайда мұндай іске келіскен адам өзі де қылмыстық әрекеттің қатысушысына айналуы мүмкін.
Осыған байланысты полиция азаматтарды:
банк картасын бөгде адамдарға бермеуге;
есепшот деректерін жарияламауға;
SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпауға;
мобильді банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды.
Ведомство өкілдері банк шотының қылмыстық схемаларда пайдаланылуы ауыр құқықтық салдарға, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Ақпарат көзі: baq.kzФото: baq.kz










