Әрбір таңдау – елдің ертеңіне бағытталған қадам
Құрылтай сайлауы – еліміздің заң шығарушы билігінің өзгеріп, қос палаталы модельден тиімдірек әрі ықшам бір палаталы жүйеге өтуін айғақтайды. Тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезеңде бұл – елеулі реформаның бірі.«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, қоғамның берекесі мен тұрақтылығы өзара түсіністік пен ынтымақтан басталады. Ортақ мақсатқа жұмылған азаматтар елдің дамуына үлкен үлес қоса алады. Сондықтан 23 тамыз күні Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымызды саналы түрде жасайық. Қоғамдық өмірге бейжай қарамай, елдің болашағына қатысты маңызды үдеріске өз үлесімізді қосайық.
Әрбір дауыс маңызды. Әрбір таңдау – елдің ертеңіне бағытталғанқа дам. Ортақ болашағымыз үшін бірге жауапкершілік танытайық!










