Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Максим: Бұл Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін

Ержан Максим: Бұл Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін

Игорь Крутой Ержан Максимге ұсыныс жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда Димаштың ұстазына айналған композитор музыкалық академиясына шақырды. Бұл туралы Ержан Максим өзінің Intagram парақшасына жазды.

"Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол", - деп жазды 11 жастағы Ержан Максим.
https://www.qamshy.kz
15 мамыр 2019 ж. 749 0