Ең бірінші дауыс берушіге сыйлық табысталды
Құрылтай сайлауы басталған сәттен-ақ учаскеге алғашқы болып келгендердің ішінде Аққұм ауылы тұрғыны Құлмырзаев Мұзаппар зейнеткер өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінің атынан сыйлық табысталып, алғаш дауыс бергені үшін "Белсенділігіңіз өзге сайлаушыларға үлгі болсын деген" жылы лебіздерін білдірді.









