109 сall орталық диспетчерлері 327 қоңырауға жауап берді
4 ауысыммен жұмыс істейтін диспетчерлер сайлауда 327 қоңырауға жауап берді.
Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды, – дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.









