Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде несие алушылар саны көбейген

Елімізде несие алушылар саны көбейген

Елде несие алушылар саны көбейген. Әсіресе ипотека мен автонесиеге сұраныс жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Жеңілдетілген бағдарламалардың арқасында баспаналы болғысы келетіндерден 228 мың өтініш түскен. Ал көлік алам деушілердің өтініші бірден 20 пайызға өсіп, 1,5 миллионға жетті.

Кепілсіз тұтынушылық несиенің де көлемі өсті: халық орта есеппен 1 миллион теңгеден астам ақша сұрайды. Бизнес өкілдеріне келсек, орта кәсіп иелері белсенділік танытқанымен, ірі және шағын бизнес тарапынан сұраныс сәл бәсеңдеген.

Банктер бұл қарқын алдағы айларда да басылмайды деп болжайды.

turkystan.kz​​​
Фото: istockphoto
27 тамыз 2026 ж. 44 0