Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

Қызылордада есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

Фото: ЖИ
Есірткі қылмысының жолын кесуде қызметтік иттердің көмегі аз емес. Қызылорда облысында өтіп жатқан «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 38 құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткіге қатысты 5 құқықбұзушылықтың жолы кесілді.
Қызылорда облысы аума­ғында «Заң мен тәртіп» қағи­датын нығайту, есірткінің заң­сыз айналымына тосқауыл қою, сондай-ақ қоғамдық қа­уіп­­­сіз­дікті қамтамасыз ету мақ­­са­­­тында «Қара­сора-2026» іс-ша­­­расы 1 маусымда бас­тал­ған. Жұмыс 31 қазанға дейін жал­­­ғасады. Осы кезеңде облыс ау­ма­­­ғында мобильді бекеттер жұмыс істеп, оған жылдам қи­мыл­­­дайтын арнайы жасақ, рота қыз­мет­керлері және кинолог мамандар жұмылдырылған.
Жуырда Арал ауданы аума­ғын­да­ғы «Шеп» бекетінде полиция қыз­меткерлері «Land Cruiser» автокө­лігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде кинолог маманның қызметтік-із­дес­­тіру иті неміс овчаркасы «Босс» күмәнді зат­ты анық­тау­ға кө­мектесті. Тексеру нә­ти­жесінде салмағы 2 келіге жуық полиэтилен пакетке салынып, скотч­пен оралған зат анықталды. Сараптама қоры­тындысы оның марихуана еке­нін көрсетті. Аталған дерек бо­йын­ша қазіргі уақытта қа­жет­ті тергеу әре­кеттері жүр­гізі­луде.
Полиция департаментінің мә­ліме­тінше, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес ба­ғы­тындағы жұмыс тұрақты түр­де жалғасуда. Құқық қор­ғау ор­ган­дары азаматтарды қоғам қа­уіп­­сіздігіне қатер төндіретін мұн­­дай фактілерге бейжай қа­ра­мауға шақы­рады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы»

syrboyi.kz
27 тамыз 2026 ж. 57 0