Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті насихаттау мақсатында «Болашақ» университеті мен «Болашақ» жоғары медициналық және педагогикалық колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді.Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, қалалық ювеналды полиция өкілдері және Жастар орталығының мамандары қатысты.
Іс-шара барысында жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, олардың себептері мен салдары талқыланып, нақты өмірлік жағдайлар мысал ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Заңды білу – жауапкершілікті сезінуден басталады.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ҚҰҚЫҚТЫҚСАУАТТЫЛЫҚ
#ҚАУІПСІЗҚОҒАМ











