Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Максимнің анасы «Голос» шоуының қорытындысының күші жойылғаны туралы: Шок болдық

Ержан Максимнің анасы «Голос» шоуының қорытындысының күші жойылғаны туралы: Шок болдық

«Бірінші арнаның» басшылығы Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткен «Голос.Дети» шоуының финалының қорытындысының күшін жойды. Байқауда екінші орынды иеленген қазақстандық Ержан Максимнің анасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Шок болдық. Сене алмай тұрмыз», - дейді Ержанның анасы. 
Алайда ол оқиғаның әрі қарай қалай өрбитіні туралы айта алмады. дауыстар қайта есептелгеннен кейін не болатынын білмеймін, дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, аталған байқауда қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді. Көптеген қазақстандық және ресейлік жұлдыздар оның бірінші орынға лайық екенін жарыса айтты. Олардың қатарында Максим Галкин, Вера Брежнева, Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова және т.б. сынды танымал жұлдыздар бар. Ал Ержан Максим өз кезегінде екінші орын алғаны үшін еш мұңаймайтынын жеткізді. Кейін Ержан Максим мен Микелла Абрамова бірігіп дуэт жазып жатқаны белгілі болды. 
Ал күні кеше "Бірінші арна" "Голос.Дети" шоуының алтыншы маусымының қорытындысын жойғандығы туралы баяндама жасады. Осылайша, арна белгілі әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісін жоққа шығарды.
http://stan.kz
17 мамыр 2019 ж. 745 0