Тұрғындардың өтініші - назарда
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы аудандық партия филиалының ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, бірқатар сұрақтарын жолдады. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер беріліп, мәселелер бойынша жауаптар ұсынылды.










