Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
Кей облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 9 қазанда жаңбыр, қар, тұман және қатты жел күтіледі. Кей облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын болады. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысында күндіз жел 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Абай облысында да оңтүстік-батыс және батыс желінің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады. Ақтөбе облысының шығысында, Атырау облысының басым бөлігінде және Қызылорда облысында жоғары немесе төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі 9-11 қазан аралығында сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі болжанса, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.
Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz










