Жүгері, соя, мақта: Тоқаев ауыл шаруашылығындағы табысты жобаларды атады
Kyzylorda-news.kz Президент қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар екенін атап өтті, – деп хабарлайды Қазақпарат.– Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеумен айналысады. Ал Түркістан облысында Қытай компаниясы суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатыр. Үкімет осындай озық тәжірибелердің ел аумағында кең тарауына жағдай жасап, инвесторларға уақытылы қолдау көрсетуі керек, – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Сонымен қатар мұндай заманауи тәсілдерді мал шаруашылығында да жан-жақты пайдаланған дұрыс.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басшылыққа ала отырып, елімізде 71 тауар-сүт фермасы іске қосылды. Бұл фермаларда жыл сайын 462 мың тоннадан астам сүт өндіріледі.
– Ақмола облысында шетелдің озық тәжірибесіне сай ет кластері құрылып жатыр. Осындай жобаларды қолдауға болады, қажетті жағдай да, қаражат та бөлу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сурет: Ауылшаруашылығы министрлігі










