Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі – басты назарда: өңірде қысқа дайындық пен алдын алу шаралары күшейтілді

Өрт қауіпсіздігі – басты назарда: өңірде қысқа дайындық пен алдын алу шаралары күшейтілді

Сыр өңірінде қысқы жылыту маусымы барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы жағдайлардың алдын алу және тұрғын сектордағы сақтық шараларын күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Өңірдегі өрт жағдайы, жүргізілген мемлекеттік өрт бақылауының нәтижелері мен профилактикалық акциялардың барысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте кеңінен сөз болды.

Баспасөз жиынында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов тілсіз жаудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шараларды баяндады.
«Жыл басынан бері Департамент тарапынан 985 нысанда бақылау іс-шаралары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының 6 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Тілсіз жаудың басым бөлігі тұрғын сектор мен автокөліктерде орын алып отыр. Осыған байланысты біз алдын алу жұмыстарын барынша қарқындаттық. Азаматтарды үй жағдайында өрт қауіпсіздігіне бейжай қарамай, пеш пен электр құрылғыларында ақау туындаған бойда бірден мамандарға жүгінуге шақырамыз. Төтенше жағдайлар қызметі үшін ең басты міндет – қауіптің салдарымен күресу емес, оның алдын алу», – деді Жасұлан Қалдыбайұлы.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің берген мәліметіне сүйенсек, өңірдегі әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 5 864 тұрғын үйдің тізімі нақтыланып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 300 дана көміртегі тотығын анықтайтын датчик сатып алынған.

Бүгінгі күнге дейін мамандар 16 428 тұрғын үйдің ауласын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бақылау жұмыстарының нәтижесінде талаптарды бұзған нысан иелеріне 875 әкімшілік іс қозғалып, 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Төтенше жағдайлар қызметі рейдтік және профилактикалық шараларды жылыту маусымының соңына дейін жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі мен жауапты мекемелердің бірлескен профилактикалық жұмыстары тілсіз жаудан келетін қауіп-қатердің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді. Алайда қауіпсіздік ең алдымен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты. Тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтап, жылыту құрылғыларын уақытылы тексеруге және өз өмірі мен жақындарының амандығына бейжай қарамауға шақырамыз.

Өңірлік коммуникациялар қызме
04 қараша 2026 ж. 49 0