"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі. Ол мемлекеттің тұрақтылығына, халықтың әл-ауқатына, құқықтық жүйеге және адамдар арасындағы сенімге орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан да Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгіленіп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Арал аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшысы А. Сатекеева











