Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбыңыздың сіздің күйеуіңіздің басын айналдырып алғысы келетінін көрсететін 5 белгі

Құрбыңыздың сіздің күйеуіңіздің басын айналдырып алғысы келетінін көрсететін 5 белгі

Әрине әйелдер арасында достық бар, бірақ айналаңызда арам ойлы адамдар да болып қалатын кездер болады. Ең бастысы, өтірік дос болып жүрген адамды уақытында танып, өміріңізді бұзуға жол бермеу керек. Әйтпесе, жақын адамыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құрбыңыздың сіздің жұбайыңызды тартып алуды жоспарлап жүргенін көрсететін алғашқы белгілерді байқау үшін айналаңызға мұқият болыңыз.
Күйеуіңізге көз алмай қарайды
Құрбыңыз сіздің күйеуіңге көз алмай қарап тұруы мүмкін. Ал оның қарап тұрғанын сіз байқаған кезде, ол көзін бірден басқа жаққа аударады. Мұндай мінез-құлық ол адамның оған ұнайтынын көрсетеді. Ол сол адамды тартып алуға тырысады. Дегенмен, бұл оның қолынан келеді деген сөз емес. Бірақ, дұрысы тәуекелге бармау  үшін онымен араласуды тоқтату керек. Ең бастысы, мұқият болыңыз және ол сәтті жіберіп алмаңыз.
Ашық түрде ойнап, қылымсиды
Ер адамның назарын аудару және оған өзінің жақын танысы ғана емес, сонымен қатар тартымды әйел екенін көрсету үшін, құрбыңыз онымен ойнап күліп, қылымси бастайды. Оның әрекеті жабысқақ болып көрінбеуі немесе ашық тәлімсуге баруы мүмкін. Бірақ, әйел адам осылай әзілдейді деп ойламаңыз. Себебі, бұл мінез-құлықтың артында маңызды нәрсе жасырынып жатуы мүмкін.
Көп сұрақ қояды
Егер құрбыңыз жеке өміріңізге егжей-тегжейлі қызыға бастаса, онда ойлануға тура келеді. Себебі, оның сіздің күйеуіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға көмектескісі келетіні екіталай. Мүмкін, ол болашақта мұндай қателіктер жасамау үшін сіздердің жанжалдасу себептеріңізді анықтауға тырысады.
Жаман кеңестер береді
Отбасылық қарым-қатынас нашарлай бастаса, кез-келген әйел осы сәттер туралы біреуге айтып салып, өзін жеңіл сезінгісі келеді. Мұндай кезде нәзік жандылар бірінші кезекте жақын құрбысына жүгініп, жылап алады. Сондай-ақ, кеңес сұрайды. Бірақ, бұны бекер жасайды…
Егер құрбыңыздың осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтқанын байқасаңыз, бұл күйеуіңіз екеуіңіздің жақындасуларыңызға қайшы келеді. Сондықтан, бұл туралы ойланыңыз. Мүмкін, ол сіздің күйеуіңізбен жақындасу үшін екеуіңіздің қарым-қатынастарыңызға зиян келтіргісі келеді.
Құпияларыңызды жайып салады
Егер құрбыңыз кез-келген қолайлы мүмкіндікте сүйіктіңізге сіздің барлық құпияларыңыз бен қателіктеріңіз туралы айтуға тырысса, онда оның ниеті жақсы емес.
Әйел адам біреудің азаматын тартып алғысы келгенде, оған жұбайын жағымсыз жағдайда көрсеткен пайдалы. Сөйтіп, ол сіздің жаныңызда жас жігіттің арманындағы ару секілді көрінуі мүмкін.
Егер сіз күйеуіңізбен қарым-қатынасыңызды бағаласаңыз, осы әрекетті тоқтатыңыз. Әйтпесе, сіз күйеуіңізді де, құрбыңызды да жоғалтасыз.
Егер сіз құрбыңыздың мінез-құлқынан жоғарыда аталған белгілердің біреуін байқасаңыз, мәселені онымен шешуге асықпаңыз. Дұрысы, күйеуіңізге бұл әлемде сізден қымбат адам жоқ екенін көрсетуге тырысыңыз. Сондықтан, оған көбірек көңіл бөліп, жақсы киініп жүріңіз, өзіңізге қараңыз.
http://stan.kz/
20 мамыр 2019 ж. 1 163 0