Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қыдырып келіп, жұмыс істеуге қалып қойған": Қазақстаннан 3,5 мың шетелдік қуылды

"Қыдырып келіп, жұмыс істеуге қалып қойған": Қазақстаннан 3,5 мың шетелдік қуылды

Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов жыл басынан бері 29 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді

«Қаңтар айы мен сәуір аралығында 29 мыңнан аса шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 28 мыңнан астамы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, қалғаны алыс шет мемлекеттер азаматтары», - деп айтты комитет төрағасының орынбасары Сейітжанов. 
Ол аталған азаматтардың ішінде сот шешімімен 3 449 шетелдік елден қуылғанын айтты. 
«Шетелдіктердің көбіне тіркеуден мерзімінде шықпағаны үшін, мүлде тіркеуге тұрмағаны үшін, құжат мерзімі өтіп кеткені үшін жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында кейбіреулері Қазақстанға қыдырып келіп, бірақ елде жұмыс істеуге қалып қойған», - деді ол ішкі министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетелдіктердің арасында заңды жиі бұзатындар – көршілес Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзғандарды Қазақстан аумағынан шығармас бұрын олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 751 0