Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Надоел деңгейінде болғаныңды қаламаймын": Әуелбекова Ерболат Құдайбергеннің қарындасын сынап тастады

"Надоел деңгейінде болғаныңды қаламаймын": Әуелбекова Ерболат Құдайбергеннің қарындасын сынап тастады

Мөлдір Әуелбекова Ерболат Құдайбергеннің қарындасы Салтанат есімді аруды сынның астына алды

Мөлдір Әуелбековаға Салтанат Құдайбергеннің өнері ұнамай қалды. Әншінің мәтінін қатал сынның астына алған Әуелбекова Салтанат Құдайбергенді бұл сенің деңгейіңдегі өнер емес деп сөкті.
"Текті отбасы екенін білеміз. Салтанат, әп-әдемі, бойшаң, аққұба қазақтың қызысың. Миды ашытып жібердің ғой, жаным-ау. Бағытың, мақсатың түсінікті. Мынау біздің әлемге әйгілі, ел мойындаған Бейонсе, Леди Гага сол образды сен өзіңе сіңдіргің келіп тұр. Бірақ мен саған қарап, сенің дауысыңды естіп тұрмын, өте мықты вокалист екеніңді ұғынып отырмын. Актерлік шеберлігің мықты екенін сезіп тұрмын. Композиторлығың да жаман емес. Бірақ мен сенің табиғатыңда қаншама дарын тоғысқан жерде, өзің жазған "Носки, магазин, қоқыс, пульт, надоел" деген сөздердің деңгейіндегі әнші болғаныңды қаламаймын", - дейді Мөлдір Әуелбекова.
Қыздың бойындағы бірнеше талантқа таңқалғанымен, Мөлдір Әуелбекова әлі де жұмыс істеп, жақсы жаққа өзгеру керек деп ақыл айтты.
"Шектен шықпай мына әнді, осы музыканы, сенің тіліңді ішкі дүниеңді түсінетін ақындар бар. Солармен отырып жұмыс істесең. Жастардың бағытына жұмыс істеп жатқан соң, кенже екеніңді солай да жеткізе аласың", - деп ақыл айтты ол.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 1 131 0