Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әрқашан сенімен біргеміз": Әлемнің әр қырындағы жанкүйерлері Димашты туған күнімен құттықтады

"Әрқашан сенімен біргеміз": Әлемнің әр қырындағы жанкүйерлері Димашты туған күнімен құттықтады

Әлемнің әр қырындағы жанкүйерлері Димашты туған күнімен құттықтады

Өнер иесінің 25 жасқа толуына байланысты тыңдармандары құттықтау видеосын жасап, Димаш Құдайбергенге сыйға тартқан. 
Димаштың өнер көрсетіп жатқан бейнежазбалары мен жанкүйерлерінің қолдау білдірген естеліктерін тоғыстырған бұл туынды әншінің көңілінен шығары анық. Димаш Құдайбергенді осылайша жанкүйерлері 25 жасқа толуымен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірген.
"Димаш! Бүгін саған жер шарының түкпір-түкпірінен әртүрлі тілде шын жүректен шыққан құттықтаулар келуде! Бұл барлық Dearsтарды шабыттандыратын сенің тарихыңның басталған күні. Бұл тарих бізді, әр қилы адамдарды, саған, сенің өнеріңе деген сүйіспеншілік арқылы біріктірді. Рахмет, Димаш! Туған күніңмен! Бақытты бол! Біз әрқашан сенімен біргеміз! " - деп жазба қалдырған.
http://stan.kz
24 мамыр 2019 ж. 873 0