ӘЛИ ОҚАПОВ ДИМАШТЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

«Егер біреуді ренжітсем кешірім сұраймын. Мен Димашты 10 жылдан бері танимын. Ол - талант, ол - феномен. Ол биігін бағындырды. Әлем оны мойындады. Енді оған келесі қадам жасау керек. Сол себепті ендігіде ол хит әнімен тағы да тамсандырып, дүйім жұртшылықты мойындатса деген ұсыныс тілегім болатын. Бұны журналистер дұрыс жеткізбегенге ұқсайды. Егер әлдекімді ренжітсем тағы да кешірім сұраймын»-деп жазған әнші.