Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлімбекова елден жылап тұрып кешірім сұрады

Әлімбекова елден жылап тұрып кешірім сұрады

6 жылға бас бостандығынан айырылып, кейін уақытша қамаудан босатылған Гауһар Әлімбекова елге видео-сәлем жолдады. Танымал сазгер абақтыдан шыққан соң халыққа алғыс айтуға мүмкіндігі болмағанын айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен сіздерден кешірім сұраймын. Кеше келгелі бері сіздерге алғысымды білдіріп, сәлем жолдауым керек еді. Бірақ ана суық жақтан келген соң, мазам болмай жатып қалып, жылы ұяма оралған соң, қазір ғана есімді жинап жатырмын”, – деген Әлімбекова көзіне жас алып қалды.
“Ештен кеш жақсы” деген сазгер басына іс түскенде өзіне қолдау көрсетіп, демеу болған әріптестері мен журналистер қауымына, сондай-ақ, халыққа алғысын жеткізді.
Ол өзінің уақытша босатылғанын еске салды.
“Негізгі шешім аппеляциялық сот кезінде белгілі болады. Сіздердей жанашыр халқым барда бәрі оңалар деп үміттенемін”, – деп сенім білдірді ол.
www.qazbrand.info​​​
06 ақпан 2019 ж. 1 778 0