Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ БАПКЕРІ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ БАПКЕРІ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің алғашқы бапкері Алексей Наконечный қазақстандықтарға қарата үндеу жасады. Наконечный шаңғышының 11 жасқа толған сәтінен бастап бірге жұмыс істеп келе жатыр. Ол өз шәкіртінің істеген ісі үшін кешірім сұраған. АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ДОПИНГПЕН ҰСТАЛҒАННАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ «Құрметті қазақстандықтар, шәкіртімнің допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін кешірім сұраймын. Барша халықтың, ата-аналардың және басшылықтың алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Алексейді 11 жасынан бері білетіндіктен бұл жағдайға өзімнің де кінәм бар деп есептеймін. Оның бір ғана мақсаты болды, ол – барлық жарыста алтын медаль жеңіп алу. Қаншама жылдар бойы осы үшін күресіп келе жатыр. Алайда алтын жүлдені қуалаудың соңы осындай жағдайға әкеліп соқты. Ол тәртіпті, әділ адам. Оның тыйым салынған препаратты қабылдағысы келгенін, бірақ қабылдаудан бас тартқанына сенемін. Бұл жағдайды WADA ескереді деп үміттенемін. Алексейді барлығыңыз қолдасаңыздар екен. Оның спортқа қайта оралып, ел намысын биік деңгейде қорғауына тілектеспін» дейді бапкері. Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі кеше жасаған мәлімдемесінде спортшының Германияның Мюнхен қаласынан Мәскеуге ұшып кеткенін айтқан. Абай Қазбекұлы​aikyn.kz
05 наурыз 2019 ж. 1 060 0