Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица аумағында өткен әлем кубогының VI кезеңінде жеңімпаз атанды.

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Спортшы 15 шақырымды жекелей классикалық әдіспен жүруде мәреге бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 36 минут 54,7 секундта жүріп өтті.
Екінші орын алған норвег Йоханнес Хёсфлот Клэбо отандасымыздан 13,2 секундқа кеш келді. Үздік үштікті швед Калле Хальфварссон түйіндеді.
Естеріңізге сала кетеск, Алексей Полторанин қаңтар айында Италияда өткен «Тур де Ски» турнирінің дәл осы қашықтыққа жүгіру жарысында бірінші болған еді.
21 қаңтар 2018 ж. 1 114 0