Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзіңіздің де, өзгелердің де алдында адал болыңыз

Өзіңіздің де, өзгелердің де алдында адал болыңыз

Өмір деген өтпелі. Бүгін – кешегінің баласы. Адам баласының үнемі өзгеріске ұмтылғаны дұрыс. Жетістікке жету ешқандай ертегі емес.
Сізден талап етілетін нәрсе ерік-жігер мен іс-әрекет қана. Мына кеңестер бір кәдеңізге жарайды деген ойдамыз.
  1. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол ешқашан сіз секілді бола алмайды.
2. Өзіңіздің де, өзгелердің де алдында адал болыңыз.
3. Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі. Бірінші боп кешірім сұраған адам ешқашан ұтылмайды.
4. Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.
5. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғары деңгейге жете аласыз.
6. Сөзбен жұбатуға да, жылатуға да болады. Сондықтан сөйлемес бұрын ой сүзгісінен өткізіңіз.
7. Жақын достарыңызбен үнемі тығыз қарым-қатынаста болыңыз.
8. “Жоқ” деп айтудан қорықпаңыз. Оның да пайдасы бар.
  9. Білім – керемет күш. Жан-жақты болу үшін әр түрлі кітаптарды оқыңыз.
10. Тек үлкендермен ғана емес, өз қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы, көркем мәміле жасай біліңіз.
http://zhambylnews.kz
29 мамыр 2019 ж. 840 0