Димаш Төрағалидың ізін қуып келеді

Димаштың талантты кішкентай қыз Венера Алпысбаеваның ауызына түкірген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Бірі мұны ескілікке баласа, екінші легі кішкентай қызға сәттілік тілеуде.
"Қазақ халқында "ауызына түкіру" деп аталатын ерекше ғұрып бар. Елге сыйлы, жұртқа белгілі құрметті азаматтарға баласының ауызына түкіріп, оған да жұғысты болсын деген ниетпен жасайды. Қазір бұл салт қайта жаңғырып, халықтың көпшілігі жетектеген баласымен бірге атақтылардың алдында кезекке тұратын болған", - деп түсінік берді видео авторлары.