Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жанармай шашып, от қойды": Ақтауда перзентханаға келген жігіт достарымен шу шығарды

"Жанармай шашып, от қойды": Ақтауда перзентханаға келген жігіт достарымен шу шығарды

Ақтауда бірнеше ер адам перинатарлық орталыққа көлікпен барды. Көлік дабылын қосып, жанармай шашты

5 маусымға қараған түні жас жігіт достарымен перзентхана алдына барып, шу шығарды. 
"Түнгі уақытта 15-20 жас жігіт шлагбаумның ашық болатын сәтін күтіп, перзентхана аумағына кірген. Көліктің даусын қосып, айқай-шуға басты. Көліктен түсіп, айналаға жанармай шашып, от жақты. Олардың ешбірі балалар мен аналары, дәрігерлердің қауіпсіздігін ойлаған жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 
Кезекші күзетші оларға тоқтау болғанымен, оған құлақ асқан ешкім жоқ. Перзентхана қызметкерлері оқиға орынан полиция шақыртты. 
"Полицейлерді тәртіпсіздіктің алдын алуға шақырды. Алайда олар заң бойынша бұзақыларды жазалағанның орнына олармен құшақтасып, бірге еріп кетті", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
05 маусым 2019 ж. 526 0