Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұятыңыз бар ма": Танымал актриса өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісі балағаттап, итеріп жібергенін айтты

"Ұятыңыз бар ма": Танымал актриса өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісі балағаттап, итеріп жібергенін айтты

Белгілі актриса Динара Бақтыбаева өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісінің балағаттап, итеріп жіберген,

Өнер иесі желідегі парақшасында бүгін таңертең болған жағдайды баяндап берген. "Яндекс. Такси" шақырамын деп, ер адамнан таяқ жеп, естімеген сөздің бәрін естіген актриса сол сәтте жылап қалғанын да жасырмады. Динара Бақтыбаеваның айтуынша, жүргізуші берген 480 теңгесіне разы болмай өнер иесін кінәлаған. 
"Бүгін таңертең болған бір жағдайды айтып бергім келеді. "Яндекс. Таксиге" тапсырыс беріп едім, жаңа көліктің орнына ескісін жіберген. Жарайды, ондай болып тұрады, ештеңе етпес деп отырдым. Жүргізуші "Жол ақысы 480 теңге ме? Егер бағасы аз боларын білгенде бармас едім" дейді. Жарайды деп үндемедім. Жолда тағы сөйлей бастады. "Қарындас, сіздің ұятыңыз бар ма? Мұныңыз не? Хабарласып, аз ақшаға барамын деп айта аламадыңыз ба?" дейді. Менің не қатысым бар, тағы да үндемедім", - дейді ару.
Бағаны "Яндекс. Таксидің" өзі бекіткенімен, жүргізушілері жүргіншілерге шағымданып, тіпті боқтық сөз айтып, балағаттайтын көрінеді. Қажет жеріне жете алмаған актриса "Яндекс.  Такси" жүргізушісінің итеріп жібергенін айтып ашынды. 
"Ол ары қарай қоймай қойды. Мен оған "Неге көңіл-күйіңізді түсіріп жатырсыз. 500 теңге деген аз ақша емес. Оның үстіне арақашықтық ұзақ емес. Меннен не сұрайсыз? Бағаны мен қоймаймын ғой" дедім. Ақыры соңында жағдай өршіп кетті. Адамның ашулы екенін білдім. Бірақ меннен не сұрайтынын сол бойы түсінбедім. Сөйтіп, мені түсіріп тастады. Мен ашуланып, есікті тарс жауып шығып кеттім де істегеніме өкініп қалдым. Солай ойлап үлгергенімше болмады,  ол көлігінен шығап маған айтпағанды айтып, итеріп жіберді. Мен үйндемей қойдым", - дейді Бақтыбаева.

http://stan.kz 

07 маусым 2019 ж. 907 0