Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Альбина Шардарова ана атанды

Альбина Шардарова ана атанды

Бүгін танымал әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов ата-ана атанды. Қуанышты жағдаймен жас жұбайлар инстаграм парақшасында бөлісті,

Былтыр шаңырақ көтерген жұлдызды жұп қуанышты хабармен өз парақшаларында жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жас отбасының тұңғышы- қыз бала.
"Сүйінші! Алланың қалауымен ата-ана атандық. Бізде бәрі жақсы, шүкір! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге Алла разы болсын. Мен де тілеулеспін сіздерге, әсіресе осындай бақытты күтіп жүрген жандарға қабыл болсын", - деп тілекші оқырмандарына алғыс білдірді жас әке.
Тұңғыштарымен суретке түсіп, желгіе жүктеген бойда оқырмандар құттықтау айттып жарысты. 
"Алла өрісіңді кеңейтсін досым. Жөргегің босамасын! Шаңырағыңа шаттықпен келсін шақалағың!", " Отбасыларыңмен аман-есен, бақытты болыңдар!", "Ханшайымның бауы берік болсын! ", - деп оқырмандары жүрекжарды тілектерін жаудырды.
http://stan.kz
09 маусым 2019 ж. 1 938 0