Өз бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған оралдық жігіт жұмысқа орналасты
Орал қаласының әкімдігі Абзал Әділовті жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.Абзалдың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында оның жағдайы туралы материалдан соң, әкімдік оған жұмыс ұсынған.
Ал осы жылдың ақпан айында мейірімді жігіттің үйленгенін, бірақ ол жұмыс таба алмай, біраз қиналғаны белгілі болған. Себебі, оған жарты жыл 5 келіден артық зат көтеруге болмайды.
Абзал өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмаған, ал еңбек биржасында күзетшінің жұмысы болмапты.
Қазіргі таңда Абзал Әділов ағасының үйінде тұрып жатыр. Отбасында тек Абзалдың әйелі ғана жұмыс істейді.
«Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов маған күзетшінің жұмысын ұсынды. Мен ұсынысты қуанышпен қабылдадым. Енді жұмысқа тұру үшін құжаттарды дайындап жатырмын», - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айына Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсерікова есімді қызға өз бүйрегін берген. Жәмилаға бүйрегін шұғыл түрде айырбастау қажет болады. Ал Абзал ерікті түрде донор болуға келіскен.