Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұқтаж жандарға көмектесу ісімен айналысуды көздеп отырмын – Тоқаев

Мұқтаж жандарға көмектесу ісімен айналысуды көздеп отырмын – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жоспарымен бөлісті.

«Аса қадірлі Елбасы, құрметті отандастар, ең алдымен маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын. Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Сайлау кампаниясы кезінде мен еліміздің біршама өңірін араладым. Менің саяси платформам - біздің азаматтардың басты талаптарына жауап болады. Ең алдымен, мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағытында, Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мен біздің мемлекеттің басқа да стратегиялық маңызды жұмыстарымен айналысамын. Баса айтқанда, мен Елбасының стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмыс істеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚР президентін ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиында.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекет дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін жаңа амалдар мен шешімдер керегін атап өтті.
«Олардың барлығы жақында жарияланады. Екіншіден, өткір әлеуметтік мәселелермен, барынша мұқтаж жандарға көмектесу ісімен айналысуды көздеп отырмын. Үкіметке бұл салада үздік нәтижеге жету амалдары тапсырылды. Бізге әлеуметтік саясатты салмақты түрде жаңарту керек. Үшіншіден, қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау білдіремін. Инвестиция тарту мен оларды қорғау, іскерлік белсенділікті жігерлендіру, орта класты қалыптастыру көзделеді. Төртіншіден, менің мақсатым - қоғамның бірлігін қамтып, әрбір азаматтың құқығын қорғау. Ең бастысы - әрдайым қайда болмасын Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын боламын», - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, ол өткен президент сайлауы саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болғанын атап өтті. «Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып, Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең басты құндылығымыз», - деді мемлекет басшысы.
 
12 маусым 2019 ж. 873 0