"Тәрбиелі қыз болдым": Байзақова жігіті тастап кеткеннен кейін қатты өзгергенін айтты

Ойламаған жерден өмірге көзқарасы өзгеріп кеткен Байзақова сол оқиғадан кейін, ер адамның керек емес екенін, тұрмысқа шығудың маңызды болмайтынын түсінген сыңайлы. Артынша жаман әдеттерге әуес болып, өмірдің рахатын сезінгім келді дейді ол.
"Мен не үшін күресуім керек. Бұның бәрі бітті. Жарты жылдай уақыт бойы күйеуге шығудың қажеті жоқ екенін сезінген сәттер болды. Маған ер адам керек жоқ, өзім өмірдің рахатын көріп, алдыға жылжуым керек екенін түсіндім. Содан кейін, суреттер, темекі, клуб, ішімдік өміріме еніп кетті. Содан кейін мен оны желіде бөлісе бастадым", - дейді Айжан Байзақова.