"Өзім, өзім, өзім": Мөлдір Әуелбекова өкінішін жеткізді

Сонымен қатар, өнер иесі алдағы жоспарымен бөлісті. Ән сапар жасап, үлкен кеш беру де Әуелбекованың ойында бар. Алайда, қаражат жағына келгенде мүмкіндігі болмай жатқан көрінеді. Мүмкін Мөлдір Әуелбековаға шынымен де қолдау көрсететін адам керек болып жүрген шығар.
"Былтыр барлық Қазақстанды аралап, ауыл-аймақтарға барып шықтық. Бір жылым іс-сапарға кетті. Үлкен концертті Астанада бердім. Биыл тамыз айынан бастап, үлкен қалаларда концерт беремін. Қорытынды кеш Алматыда болады. Бірақ Алматыға қиындау болып тұр. Бәрі қаражатқа тіреледі. Оркестрмен айтқым келеді. Жастардың да көңілінен шығу керек. Сондықтан көп қаражат талап етіп тұр", - дейді өнер иесі.