Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Міндетті түрде қаралып тұру керек": Мейрамбек Бесбаев сырқаты туралы айтып берді

"Міндетті түрде қаралып тұру керек": Мейрамбек Бесбаев сырқаты туралы айтып берді

Өнер иесі Корей еліне жылына екі рет барып, ем алатынын жасырмады. Бесбаев денсаулығын үнемі қадағалап тұру үшін неге шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінетінін түсіндіріп берді. Қазақстандық дәрігерлердің осалдығы емес, ескі жүйемен жұмыс істегендігі өнер иесіне ұнамайтын көрінеді. Міндетті түрде ем қабылдап, денсаулығына бей-жай қарамайтынын айтты өнер иесі."Мен жылына екі рет міндетті түрде қаралып тұрамын. Өйткені мына зоб деген сондай ауру. Оған міндетті түрде қаралып тұру керек болды. Осы жолы да қаралып келейін деп бардым. Бәрі жақсы екен құдайға шүкір. Бүгін қан сынамаларының жауабы келді. Бәрі тамаша, орнында. Уайымдайтын ештеңесі жоқ. Бірақ күтім қажет. Ол жақтың медицинасы әлдеқайда дамып кеткен ғой. Қазақстандық дәрігерлерге сенбегеннен емес. Біз әлі ескі тәсілмен жүргендіктен", - дейді Мейрамбек Бесбаев.
24 маусым 2019 ж. 1 450 0