Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тележүргізуші Данияр Есен: Қазіргі балаларды Байзақова мен Шырын тәрбиелеп жатыр

Тележүргізуші Данияр Есен: Қазіргі балаларды Байзақова мен Шырын тәрбиелеп жатыр

"Отағасы" деген атқа лайық ер азаматтар азайып, отбасындағы әкенің рөлі төмендеген. Өйткені оның орнын табысы анықтайтын болған. Сарапшылар "әкенің отбасындағы беделінің бәсеңсуі қоғамдық дерт, сондықтан бұған мемлектетік деңгейде көңіл бөлу керек" дейді.

Әлібек екі баланың әкесі. Отбасын асырау үшін таңнан кешке дейін жұмыс істесем де, бір сәт балаларымды серуендетіп, ойнатуға уақыт табуға тырысамын дейді.
“Алты-жеті сағатымыз жұмыста енді. Бір екі сағат ғана бөлеміз көңіл шыны керек. Бала енді ойнап өсуі керек ғой. Ойнап өспеген бала ойлап өспейді дейді. Осындай жерлерге серуендетіп, ойнатып жүреміз”, - дейді қала тұрғыны Әлібек Батырбеков. 
Жалпы өзге мемлекеттерде мінездерінің сәйкес келмегеннен, тағы да басқа себептермен ажырасса, бізде материалдық жағдайдың төмендігінен, әкенің табыс таппауынан шаңырақ күл-талқан болады. Бұл  - елордадағы Біріккен ұлттар ұйымы ғимаратында өткен жиынға келген сарапшылардың пікірі. Мамандардың сөзінше, қазіргі қоғамда отбасындағы әкенің рөлі төмендеп кеткен. Оған түрлі себеп бар.
“Біздің зерттеуімізше, Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімі мен тәрбиесіне әкелердің тек 6 пайызы ғана қатысады. Бұл өте өкінішті. Себебі бала күтіміне байланысты ауыртпалық көбінесе анаға түседі. Және әкелер өз балаларының өмірлерінде маңызды рөлді атқару мүмкіндігін жоғалтады”, - деді БҰҰ балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен.
Мамандардың сөзінше, қазіргі әкелер жанұяға киімін бүтіндеп, тамағын тойдырсам болды дейді. Осылайша тәрбие ісі жайында қалып жатыр. Одан қалды түрлі себеппен отбасылардың ажырасуы жиілеп кеткен. Бұл келешек ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін беруде. 
“Өкінішке орай, кейбір региондарда әрбір екінші отбасы ажырасып жатса, кейбір аймақтарда әрбір үшінші отбасы. Бұл отбасының құндылығы сақталмай отырғанын, әкенің рөлінің төмендеуі, оның ішіндегі отбасы институтының дамымай жатқаны деп есептейміз”, - дейді Қазақстан әкелер одағы бірлестігі төрағасының орынбасары Берік Рахышев. Ал бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған тележүргізуші Данияр Есен қазіргі балалар әлеуметтік желілерге тәуелді дейді. Оларды одан жұлқылап алып шығу мүмкін емес. Өкінішке қарай ондағы хайп жасау үшін түрлі сұмдыққа баратын адамдарды көріп жүрген бала оны дұрыс деп қабылай бастайды дейді журналист.
“Байзақова тәрбиелемейді баланы, болмаса Шырын тәрбиелемейді баланы. Баланы тәрбилейтін ата-ана. Баламен сөйлесу керек. Көп сөйлесу керек. Барлық тақырыпта сөйлесу керек. Сондықтан интернет баланы тәрбиелеп жатыр деген ата-аналарға айтатыным, ол өтірік әңгіме", - деді Данияр Есен. 
Осылайша жиналғандар бала тек өз ата-анасына еліктеп өсуі керек деген пікірге тоқталды. Ол үшін ата-ана тұлға бола білуі шарт. Сондай-ақ әке мен шеше де баланың тәрбиесіне ешуақытта селқостық танытпауы керек екенін айтылды. Әйтпегенде бүгінгі интернет заманында жас буынды шетелдік блогерлер тәрбиесіне алуы әбден мүмкін.
https://stan.kz
01 шілде 2019 ж. 1 322 0