Шпекбаев: Вице-министр Суханбердиева процессуалдық келісімге келді
Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың сөзінше, вице-министр процессуалдық келісімге келген,
«Істі жеделдетілген түрде сотқа жібердік», - дейді Шпекбаев.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта тестілеу орталығының директорына қатысты істің тергеуін аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
«Қазіргі уақытта заң басқа. Егер ол жасаған әрекетін мойындаса, тиісінше, іс жылдам түрде сотқа жіберіледі. Менің ойымша, сот 10 күннің ішінде қарауы керек», - дейді агенттік төрағасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Артынша министрдің орынбасары екі айға тұтқындалды.