"Бес екпе салды": Димаш I'm a Singer жобасының соңғы кезеңінде қатты ауырып қалғанын айтты

Дауысына қатты салмақ түсіп, сегізінші қорытынды кезеңге келгенде өнер иесі қатты ауырып қалған. Күш-жігерін жинап, намысқа тырысып сахнаны бағындырған ол сегізінші кезеңде ойдағыдай өнер көрсетуім бір Алланың арқасында дейді. Сахнаға шыққанда ғана дауысы қалпына келіп, біраз уақыттан соң, қайта шықпай қалған.
"Сегізінші кезеңге келген кезде тамағым ісіп кетіп, қатты ауырып қаламын. Сөйлейтін дауысым жоқ. Бірақ сол күні біз байқауға шығуымыз керек болды. Тамағыма бес екпе салды. Бір жағынан үкілеп, үміттеніп отырған қалың елің отыр. Бар күшімді жинап сахнаға шықтым. Ән айтқанда қиналғанмен, даусым анық шығып жатты. Сахнадан түскеннен кейін қайтадан дауысым шықпай қалды", - дейді өнер иесі.