"Жақындай алмайтын": Тамара Асар өзін ұнатқан жігіттер туралы айтып берді

Оқушы кезінде тәртіпті қыз болған өнер иесі тіпті мектеп бітіру кешіне көйлегін өзі тігіп алған көрінеді. Киім өлшемі кішкентай болғандықтан біреуден киім сұрап киудің өзі қиын болатын дейді ол.
"Мектеп бітіру кеші өте ерекше кеш. Себебі қобалжисыз, үлкен өмірге аттануға дайындаласыз. Қоштасу кешіне не кием деп қобалжыған кезде жеңгелерімнен, әпкелерімнен іздедім. Бірақ, анам мата тауып беріп, содан өзім тігіп кидім", - дейді өнер иесі.