Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

Қуанышбек Мұхангалиев - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегі. Әр жылдары Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнері басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған. 2017 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.