Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген қолынан айырылған баланың арманын орындады

Димаш Құдайберген қолынан айырылған баланың арманын орындады

Димаш Baqytty bala фестиваль апталығы аясында "Балалар - балаларға" науқаны барысында тоқ соғып қолынан айырылған Дамир есімді баламен кездесті.

Дамир былтыры жылы күз мезгілінде тоққа түсіп, қолынан айырылған еді. Мұны естіп Димаштың жанкүйерлері протез сатып алу үшін баланың шотына 800 мың теңге аударды. 
"Дамирдің арманын естіген бойда Димаш онымен кездесуді ұйымдастыруды сұрады. Дамир әншіден өте ұялғанымен Димаш онымен ашық сөйлесті. Көңіл-күйін сұрап, көптеген оқиғалар айтты. Бір сағат тез арада өте шықты. Әнші сыйлық беріп, көңілін аулады", - дейді байқаудың ұйымдастырушылары.

Baqytty bala-2019 байқауы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналады. Ол 10-14 шілде аралығында облыстық әкімдіктің және "Димаш-Али" орталығының қолдауымен өтті.

https://stan.kz  

16 шілде 2019 ж. 531 0