Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдына барып басын иді: Димашпен қосылып қазақша ән салған Джеки Чан жұртты сүйсіндірді

Алдына барып басын иді: Димашпен қосылып қазақша ән салған Джеки Чан жұртты сүйсіндірді

Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанның фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсетті. Аталған фестиваль кезінде Димашқа ілесіп, қазақ тілінде ән салмақ болған актер жұртты сүйсіндірді

Қытайлық Датунде Джеки Чанның экшн-фильмдерге арналған бесінші халықаралық кино апталығы басталды. Аталған шараның ашылу салтанатында қазақстандық әнші The Crown, Screaming және Unforgettable Day атты үш бірдей туындыны орындады. Соңғы әнді Димаш Құдайберген танымал тайваньдық әнші Терри Линмен бірге шырқады.
Шара кезінде Джеки Чан Димашқа ерекше қол соғып, кейін, тіпті, алдына барып басын иеді. Сондай-ақ, ол Димашпен бірге қазақ тілінде ән шырқамақ болады. Актердің бұл әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.
«Отырып алып бақыттан басым айналып жатыр. Ал Димаштың қандай бақытты екенін көз алдыларыңызға елестетіп көріңіздерші. Міне нағыз адамдар. Таза, ашықжарқын, көкейлері қуанышқа толы. Жолдары әрдайым ашық болсын», «Жаным сол, біз жәй қазақ едік, енді міне киелі қазақ болдық сенің арқаңда», «Джеки Чан тағы да шок болып отыр. Міне нағыз таланттар», «Джеки балаша мәз болып отыр ғой» деп жазды желі қолданушылары.
22 шілде 2019 ж. 1 159 0